2021 жылдың ең ірі қаржы пирамидалары

Жарияланды
Сайт шығарылымының редакторы
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына қанша қаржы салды?

Пандемия салдарынан дүние жүзінде де, елімізде де қаржы алаятарының қатары көбейіп тұр. Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, 2021 жылдың 10 айында интернет-алаяқтық және қаржы пирамидаларын құруға қатысты анықталған фактілер былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, екі есе көбейген.  Осы ретте биыл қандай схемалар көп таралғанын айтып өтейік. 

Танымал схемалар

Қаржы пирамидалары негізіне 4 схема бойынша құрылады: көп деңгейлі (жаңа  адам тарту және олардың салымдарынан пайда алу), Понци схемасы (ұйымдастырушының заманауи бірегей  ұсынының жарнамасы), жасырын (желілік маркетинг, яғни сыйақы үшін тауар немесе қызмет сату) және матрицалық (жоғарыда аталғандардың барлығы).

Қаржы пирамидасының басты ерекшелігі – әлеуетті клиенттеріне күшті қысым жасалады. Айталық, ол тауар немесе қызмет ұсынатын болса, бұл – міндетті түрде еш жерде жоқ, елден ерек дүние. Уәде ететін табысы мен пайдасы да үлкен еңбек пен уақытты қажет етпейтін, пайызы да жоғары болып шығады.

Пандемия кезінде алаяқтықтың көбею себебі – коронадағдарысқа байланысты туындаған дүрбелең. Карантин шектеулерінен шағын және орта бизнес қатты зардап шекті, ал азаматтар тез және оңай баюдың жолын іздейді. Қаржы пирамидалары көбіне қор нарығымен жұмыс істейміз дегенді желеу етеді. Бұл саланы егжей-тегжей білетіндердің қатары аз, оны жұртшылық аз ақша салып, көп пайда табумен байланыстырады. 

ІІМ тамыз айында қаржы пирамидаларының қызметінен зардап шеккендер саны 19 мыңнан, ал анықталған залал сомасы 21 млрд теңгеден асқанын мәлімдеді. Зардап шеккендердің көпшілігі Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстары, Шымкент пен Алматы қаласының тұрғындары. Бұл өңірлерде «Астекс», «Тиімді депозит», «Астра Консалтинг», «Бизнес лайн», «Хоум авто инвест» сынды ірі қаржы пирамидалары белсенді жұмыс істеді.

2021 жылдың ең ірі қаржы пирамидалары

«ACD Teсhnology» ЖШС

Қайда: Алматы

Шығын сомасы: 8,5 млрд теңге

Қаржы пирамидасы желісіне Astex.Kz, ACD technology, Mudarabah Capital және Musharakah Capital сынды ЖШС-лар кірген. Осы ЖШС топ-менеджерлері жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысуға қажетті қаржы тарту  мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт жасасып отырған. Екі жақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әр салымшыға салым сомасының 20% төлеуі тиіс еді.

Бұл компанияны жарнамалауға Қазақстанның танымал медиа тұлғалары тартылды, кейіннен «өздері ақша салып, алаяқтық әрекеттерден зардап шекті және қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың құрбанына айналды» деген хабар тарады. Парламент мәжілісінің депутаты Юрий Ли маусым айында Бас прокурорға бұл мәселеде бегілі адамдардың нақты рөлін  анықтау  жөнінде сауал жолдады.

Компаниялар тобы қызметінен келген залал сомасы бір жыл ішінде 8,5 млрд теңгеден асты. Тек 2021 жылдың наурыз айында зардап шеккен 287 салымшыдан өтініш келіп түскен.

Қаржы пирамидасын ұйымастырушылардың барлығы ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.

Finiko

Қайда: Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Венгрия, АҚШ, Қырғызстан және т. б.

Шығын сомасы: 5,9 млрд теңгеден астам

Finiko компаниясы 2018 жылдың 1 маусымынан 2020 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істеді, бірақ ресми түрде қаржы пирамидасы ретінде 2021 жылы ғана танылған. «Finiko» компаниясы жоғары пайыз ұсынады, алайда бастапқы жарна салу қажет. Пайдаланушыға CFR криптовалюталарын және өзге инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынған. ҚНРДА лицензиясын алмаған компания  өзін «пайда табудың автоматтандырылған жүйесі» ретінде жарнамалаған. Соның ішінде ай сайын жоғары пайыз түрінде табыс төлеу немесе мүлікті сатып алуға мүмкіндік беретін түрлі бағдарлама бойынша ақша қабылдаймыз деген. Ал негізінде  ешқандай инвестициялық қызмет жүргізілмеген.

Finiko қаржы пирамидасы деп танылғаннан кейін Алматы прокуратурасы компанияға қатысты қылмыстық іс ашты.

2021 жылдың 30 шілдесінде Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушылардың бірі Кирилл Доронин тұтқындалды.

L-Capital

Қайда: Алматы

Шығын сомасы: 2 млрд теңгеден астам

L-Capital компаниясының негізін қалаған 59 жастағы әйел 2021 жылдың ақпан айында ұсталды. Оған ұсталғаннан кейін қандай жаза берілгені белгісіз, бірақ салымшыларға келтірілген шығын анықталды. 300 адам 2 млрд теңгесінен айырылған. 

Олар мынандай схема қолданған: ресми сайт ашып компания өзін қарапайым және арықшылығы бар акция шығаратын эмитент деп атады.  Негізгі қызмет түрі тікелей инвестиция тарту саласындағы кеңес беру инвестиция, сондай-ақ делдалдық қызмет деп көрсетілген. 

L-Capital депозит сомасынан жылына 30%-ға дейін табыс уәде етті. Қазақстандықтар сол күйі уәде етілген табысын ала алмады.

«Көшбасшы», «Алтын Тұмар» және «Ұлы болашақ»

Қайда: БҚО

Шығын сомасы: 63 млн теңге

Орал қаласының екі тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы қаржы пирамидасын құрған. Олар бірнеше чат ашып, жеті күн ішінде бастапқы жарнадан 100%-дан асатын сыйақы алуды ұсынған. 

Ұйымдастырушылар ешқандай кәсіппен айналыспаған, ал алғашқы салымшылар  өзге қатысушылардың салымы есебінен пайда көрген.  Зардап шеккендердің саны 430 адамнан асып, 63 млн теңге шығын келген. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылған 

Жалған брокер

Қайда: Қарағанды

Шығын сомасы: 51 млн теңге

2019 жылы Қарағандыда бірегей инвестициялық бағдарламаға арналған чат құрылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама инвестицияланған сомаға байланысты екі еселенген пайда әкеледі. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың маркетингтік жоспарына сәйкес, салынған ақшаға кейбір компаниялардың акцияларын сатып алу және басқалардың қағаздарын сату жоспарланған.

Алаяқ қаржыны қолма-қол ақшамен алған. Тергеу кезінде  67 жәбірленуші анықталған. Жалпы шығын сомасы 51,4 млн теңгеден асты.

Befree

Қайда: Қызылорда

Шығын сомасы: 22 млн теңге

Ол 2019 жылдың қазан айында құрылып,  2021 жылы ұйымдастырушыларға үкім шығарылғаннан кейін, қаржы пирамидасы екені белгілі болды. WhatsApp-та Befree чаты ашылып, онда екі апта ішінде салымының 50 пайызындай пайда табуды ұсынатын инвестициялық пирамида туралы хабарланып отырған.

Ұйымға салымшы ретінде 296 адам тіркелген, ал құқық қорғау органдарына жүгінген 21 салымшының жалпы шығыны 22 млн теңгеден асты. 

Үш құрылтайшысы да  бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржы пирамидасының белгілері қандай? 

Қажетті лицензияларының болмауы. Компания ақшалай салымдарды халықтан тартады немесе қор нарықтарына инвестициялауды ұсынады, бірақ оның қолында лицензиясы жоқ, бұл ретте онымен байланысға бола ма, жоқ па, мықтап ойланыңыз. Мұндай ұйымдар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында емес, яғни сіздің құқықтарыңыз бен мүддеңізді ешкім қорғай алмайды.

Нарықтық деңгейден бірнеше рет асып түсетін жоғары кірістілікке кепілдік беруі. Түрлі «инвесткомпаниялар» кірістілікке кепілдік бере алмайды, бұған заңнамалық тұрғыдан тыйым салынған. Егер біреу кепілдік берсе, ол  алаяқ деген сөз. 

Қаржы-пирамидасының-белгілері (1).jpg

Әкелген клиенттер үшін сыйақы төлеу. Егер сізге компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берілсе, бұл ақшаны салмау үшін және барлық таныстарды осындай тәуекелді іс-шарадан бас тартқызу үшін жеткілікті негіз болып табылады.

Кіру жарнасының болуы: ресімдеуге, оқытуға, акциялар және т.б. үшін Әдетте, бұл жарна пирамиданы ұйымдастырушылардың негізгі кірісі, сондай-ақ қаржы пирамидасына тән айқын белгі.

Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы. Компанияның қолда бар мүлкі мен активтерін нәтиже ойдағыдай болып шықпаған жағдайда сатуға және салынған ақшаны ішінара қайтаруға болады. Ал қаржы пирамидаларында мұндай активтер болмайды.

Өктем жарнама науқаны. Қаржы пирамидасы жарнамасы көптеген клиенттерді тез тартуға арналған және тек жариялануы пирамидалардың негізін қалаушылар үшін пайдалы болатын ақпаратты қамтиды. Әрине, мұндай компанияның клиенті кездестіруі мүмкін тәуекелдерді жарнама берушілер белгілі себептермен айтпауға тырысады.

Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы Пирамидаларда салымшылардың өздігінен басқа клиенттері жоқ. Сізге өнім берушілерді, мысалы, басқа бизнес-серіктестерді ешқашан көрсетпейді.

Жалпы компанияға ақша салмас бұрын, ол туралы мүмкіндігінше көп ақпарат алыңыз. Пікірлерді зерттеңіз, бірақ бұл мәселеге мұқият қараңыз, өйткені оларды мүдделі адамдар қалдыруы мүмкін. Барлық құжаттарды оқыңыз. Компания нақты немен айналысатынын және ақшаңыздың қайда салынатынын сұрап біліңіз. Мұны қалай растауға болатындығын сұраңыз. Бұл ақпаратты өзіңіз тексеріңіз. Осыған ұқсас қызметтерді ұсынатын басқа ұйымдармен талаптарын салыстырыңыз. Егер сіздің қаражатыңызды орналастырудың неғұрлым пайдалы шарттары болса, олардың компанияларының пайдасы осы салада жұмыс істейтін ұқсас құрылымдарға қарағанда ненің есебінен бірнеше есе жоғары екенін компания қызметкерінен сұраңыз және сұрақтарыңызға нақты жауаптар алыңыз. Егер компания кез-келген сылтаумен ақпарат беру, тіпті құжаттармен танысу мүмкіндігінен бас тартса, инвестицияланған ақшаны алу одан да қиын болатыны айдан анық.
Төлемдер тек қолма-қол ақшамен қабылданады

Егер компания осылай істесе, онда бұл ұйымға сенбеуге барлық негіз бар, өйткені ол ақша қозғалысының бақылануынан барынша қашады.

«Шартқа» ойланбай қол қоюды ұсынады. Шарттың үлгісін қолға беруді сұрап, онымен үйде асықпай танысып шығыңыз. Егер оның жекелеген ережелері қиындық тудырса, маманмен кеңесуге тырысыңыз. Берілген ақшаның орнына Сізде қандай құжат қалатынын қараңыз. 

Мұндайда не істеу керек?

  • Ақша салмас бұрын бұл компания тралы жан-жақты ақпарат жинап алу керек.
  • Компания жайлы қандай сыни пікірлер жазылып жатыр, соларды шолып өтіңіз.
  • Бүкіл құжатты мұқият оқып шығыңыз. Ең дұрысы – оны адвокатқа көрсетіп алу.  
  • Ақша қайда салынатынын және оны қалай растауға болатынын анықтаңыз.
  • Осындай шарт  ұсынатын өзге де компанияларды зерттеңіз. 
  • ҚНРДА агеттінің сайтына кіріп, лицензиясы бар-жоғын тексеріңіз. 
Сондай-ақ оқыңыз