МӘМС үшін аударылатын төлемдер қалай өзгереді?
«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді» – деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды.
Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады.
Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді.
БЖТ:
қала тұрғындары үшін – 1 АЕК немесе 3 063 теңге;
ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады
Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар11 млн-нан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.
МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?
Жарнаны:
– екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;
– Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;
– «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;
– төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;
– медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы
төлеуге болады.
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз)
egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде)
Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)