Ресурстар

МӘМС үшін аударылатын төлемдер қалай өзгереді?

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?

«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді» – деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

 Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды.
 Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады. 

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді. 

 БЖТ:

 қала тұрғындары үшін – 1 АЕК немесе 3 063 теңге;
 ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. 

 Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар11 млн-нан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?

Жарнаны:
– екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;
– Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;
– «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;
– төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;
– медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы
төлеуге болады.

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді: 

  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз)

egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде)

Telegram-дағы Saqtandyru-bot  арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы  (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)