Ресурстар

Қырғызстан басшысы министрлерге электронды жүйеге көшуде 15 күн уақыт берді

11 қаңтарда қағаз құжаттар қабылданбайды

Жаңа жылдық мерекелерден кейін Қырғызстанның министрлер кабинеті мен президент әкімшілігі электронды іс жүргізуге көшуде. Бұл туралы министрлер кабинетінің отырысында президент Садыр Жапаров  мәлімдеді. Бұл туралы 24 kg сайты хабарлады.

Ол министрлер кабинетінің мүшелеріне компьютерлік технологияларды меңгеруге 15 күн берді.

 «Мен кеше бірінші электронды жарлыққа қол қойдым. 11 қаңтарда қағаз құжаттарды қабылдамаймыз. Сондықтан 15 күнде ақпараттық технологияны пайдалануды үйрену керек. Қаласаңыз, Цифрлық даму министрлігінің қызметкерлерін үйге шақырыңыз. Өтпелі кезең алты ай болады. 1 маусымнан бастап қағаз сатып алмаймыз. Биылғы жылдың 10 айында 840 мың пакет қағаз сатып алдық, бұл 33 вагон макулатура. Дәл қазір Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровтың үстелінде тонналап қағаз жатыр», – деді президент.