Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 24 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,7%-ға (435,54 теңгеден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 432,28 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні оң болды. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Жаһандық инвесторлардың тәуекел-сентиментінің жақсаруы әлемдік экономикаға Covid-19 жаңа штамының таралу зардаптарының аз болуына қатысты күтулерге байланысты болды: алдын-ала зерттеулердің қорытындысы бойынша, «дельта» штамына қарағанда «омикрон» штамы кезінде ауруханаға жатқызу ықтималдығы төмен болды.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
түрік лирасы Түркия Үкіметінің ұлттық валютаны қолдау шаралары туралы, оның ішінде айырбас бағамының әлсіреуі банктердің пайыздық мөлшерлемелерін арттырған жағдайда, депозиттерін лирамен ұстаушылардың шығындарын өтеу бағдарламасы туралы хабарлауы аясында 35,2%-ға (16,41-ден 10,64-ке дейін) нығайды;
Оңтүстік Африка ранды АҚШ-тың 31 желтоқсаннан бастап ОАР-мен әуе қатынасын тоқтата тұрудың күшін жою туралы хабарламалары аясында 2,1%-ға (15,88-ден 15,55-ке дейін) нығайды;
үнді рупиясы экспорттаушылардың ұлттық валютаның одан әрі нығаюынан қауіптеніп, шетел валютасын сатуы аясында 1,4%-ға (76,09-дан 75,02-ге дейін) нығайды;
Индонезия рупиясы коронавирустың жаңа штамына қатысты қауіптенудің азаюы аясында 1,1%-ға (14 355-тен 14 197-ге дейін) нығайды;
Мексика песосы мөлшерлеменің 5,5%-ға дейін 50 б.п. артуына байланысты кэрри-трейд операцияларының тартымдылығын арттыру аясында 1%-ға (20,83-тен 20,62-ге дейін) нығайды;
Ресей рублі салық кезеңі мен мұнай бағасының өсуі аясында 0,6%-ға (74,1-ден 73,62-ге дейін) нығайды;
Бразилия реалы Орталық банктің спот нарығында 500 млн АҚШ долларын сату бойынша аукцион өткізуі аясында 0,4%-ға (5,69-дан 5,67-ге дейін) нығайды.