Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді

Жарияланды
Ол 19 қаңтарға дейін созылады

Мемлекет басшысының жарлығымен ел астанасында да төтенше жағдай режимі енгізілді. ТЖ режимі 19 қаңтарға дейін созылады. 

ТЖ кезінде қалада  түнгі 23:00 мен таңғы 7: 00 аралығында коменданттық сағат енгізіледі. 

«Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 16 сағат 00 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін» делінген жарлықта. 

ТЖ кезінде адамдардың жүріп-тұруі мен көлік қозғалысы шектеліп, жиын мен ереуіл өткізуге тыйым салынады. Қалаға кіріп-шығу шектеледі. 
 

Сондай-ақ оқыңыз