15-не дейін өтініш берген қазақстандықтардың несиесі кешіріледі – Фейк

Жарияланды
Әлеуметтік желілерде несиелерді өтеу туралы ескі фейктер тағы да таралуда

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 15-не дейін өтініш берген қазақстандықтардың барлық банктік қарыздары толық өтелетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл жалған. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі несиелік рақымшылық жасау туралы ақпаратты жоққа шығарды.

 «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан несиелерді өтеу туралы фейк жаңалықтар шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ-тан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды», – делінген ведомстволардың бірлескен хабарламасында.
Былтыр желтоқсан айында Қазнетте несиелерді өтеу туралы осындай ақпарат кеңінен тараған болатын.
 

Сондай-ақ оқыңыз