Бүгін ҰҚШҰ онлайн отырысы өтеді
Жарияланды
Отырыста Мемлекет басшысы әріптестеріне Қазақстандағы ахуалды баяндайды
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының, онлайн форматта сессиясы өтеді. Отырыста Мемлекет басшысы, әріптестеріне Қазақстандағы ахуалды баяндайды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Сессияның өтетіні туралы, Хабар 24 сайтына берген сұхбатында президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеген болатын.
Берік Уәлидің айтуынша, ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының миссиясы – еліміздегі стратегиялық маңызды нысандарды күзету.
Бітімгерлердің елімізге келуі, Қазақстанның күштік құрылымдарына Алматы қаласы мен облысындағы лаңкестермен, бел шеше күресіп, арнайы операцияны сәтті атқаруға септігін тигізді.