Қаралып отырған кезеңде теңгенің нарықтық бағамы 431,81 теңгеге дейін (432,28 теңгеден) 0,1%-ға нығайды. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
АҚШ ФРЖ отырысының хаттамасы жарияланып, онда шенеуніктер базалық мөлшерлеменің бұрынғыдан да тезірек өсу мүмкіндігін атап өтті, базалық мөлшерлеменің артуы бойынша отырыс мүшелерінің болжамдар кестесі АҚШ ФРЖ-ның 18 жетекшісінің ішінде 10-ның 2022 жылы мөлшерлеменің үш рет көтерілуін күтетінін көрсетті.
АҚШ Еңбек министрлігі 2021 жылғы желтоқсандағы еңбек нарығы туралы статистиканы жариялады: ауыл шаруашылығынан тыс жұмыс орындарының саны199 мыңға (талдаушылардың күткенінен төмен) артты, бірақ жұмыссыздық деңгейі 3,9%-ға дейін (ең азы 2020 жылғы ақпаннан бастап) төмендеді, жалақының өсу қарқыны (+4,7% ж/ж) күткеннен асып түсті, бұл мөлшерлемелерді ұлғайтуды тез арада бастау мүмкіндігін арттырады.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
Мексика песосы сақталып отырған жоғары инфляцияға байланысты мөлшерлеменің одан әрі көтерілуін күтудің өсуі аясында (желтоқсанда +7,4% ж/ж, таргет кезінде 2-4%) 1,1%-ға (20,62-ден 20,4-ке дейін) нығайды;
үнді рупиясы 2021 жылғы желтоқсанда ҚХР-да өндірістік белсенділіктің ұлғаюы туралы деректер шыққаннан кейін тәуекел-сентименттің уақытша жақсаруы аясында 0,9%-ға (75,02-ден 74,31-ге дейін) (PMI талдаушылардың күткенінен жоғары 50,3 тармаққа) нығайды;
Бразилия реалы жылдың соңғы аптасындағы төмен өтімділік аясында 0,7%-ға (5,67-ден 5,63-ке дейін) нығайды;
Оңтүстік Африка ранды АҚШ ФРЖ мөлшерлемелердің тез арада артуын күтудің күшеюі аясында 0,2%-ға (15,55-тен 15,58-ге дейін) әлсіреді;
Индонезия рупиясы жаһандық тәуекел-сентименттің төмендеуі және АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің артуы аясында 1,1%-ға (14 197-ден 14 351-ге дейін) әлсіреді;
Ресей рублі РФ мен АҚШ арасындағы келіссөздер алдындағы геосаяси тәуекелдердің күшеюі аясында 2,7%-ға (73,62-ден 75,62-ге дейін) әлсіреді;
түрік лирасы Түркия президенті Ердоғанның инфляцияның қарқын алуына қарамастан экономиканы ынталандыру және мөлшерлемелерді төмендету жөніндегі жалғасып келе жатқан саясаты аясында 30,4%-ға (10,64-тен 13,87-ге дейін) әлсіреді.