Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы барысында ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күші Қазақстаннан екі күннен кейін шығарылатынын айтты.
ҚР президентінің айтуынша, елдегі қатерлі кезең өтті. Қазақстандағы жағдай тұрақты.
«ҰҚШҰ-ның негізгі миссиясы сәтті аяқталды. Екі күннен кейін ҰҚШҰ әскерлерін кезең-кезеңімен шығару басталады» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті ҰҚШҰ елдерінің көшбасшыларынан елдегі террористік қатерді еңсеруге көмек сұрап жүгінген еді.
Сол кезде Тоқаев азаматтардың әл-ауқатына, қауіпсіздігі мен тыныштығына қамқорлық жасау оның конституциялық міндеті екенін еске салған еді.