ҚР Денсаулық сақтау министрлігі індетке байланысты жаңа болжам жасады

Жарияланды
Күніне 40 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясының омикрон түрі бойынша соңғы аптаның үрдісін ескере отырып, оның таралу барысын байқап, КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды болжадық:

Оптимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 100 пайыз қамтығанда, профилактика шараларын жаппай сақталғанда тәулігіне 17,5 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін.

Реалистік сценарий бойынша ревакцинациямен 70 пайыз қамтылып, профилактика шаралар ішінара сақталғанда тәулігіне 25,5 мың жағдай тіркеледі.

Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 40 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін.

 

Сондай-ақ оқыңыз