Мәсімовпен бірге кім қамауға алынды?

Жарияланды
ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-ның бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды баспасөз қызметі

Осы іс шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталған. 

Тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, 6 қаңтар күні мемлекет басшысы Қ.Тоқаев К.Мәсімовты қызметінен босатып, оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалған еді. 

Ал 8 қаңтар күні ҰҚҚ Мәсімов мен басқа тұлғалар ұсталып, уақытша тергеу изоляторына жеткізілгенін хабарлады. Оларға ҚР қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі негізінде, мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталған. 

 

Сондай-ақ оқыңыз