Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 89 доллардан асты
Жарияланды
Қара алтынның бағасы соңғы рет 2014 жылдың қазан айында бұл көрсеткішке жеткен.
Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 89 доллардан асты. Бұған Investing мәліметтері дәлел.
Соңғы рет мұнай бағасы мұндай деңгейге 2014 жылдың қазан айында жеткен.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:54-те баррельдің бағасы $89,02-ға жетті, кейін сәл төмендеді.
Осылайша, Нұр-Сұлтан уақытымен 08:13-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстік келісімшартының бағасы 0,53%-ға өсіп, 88,97 долларды құрады. Солтүстік Американың WTI маркалы мұнайының наурыз фьючерстері 1,8%-ға өсіп, 86,36 долларды құрады.
Еске салайық, кеше Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 87 доллардан жоғары көтерілді.