Бейжіңдегі Ойындарға келгендердің арасында ПТР тапсырған 72 оң нәтиже анықталды

Жарияланды
Олимпиада 4 ақпанда басталады

2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Олимпиадаға қатысатын спортшылар мен басқа да тұлғалардың коронавирустық тестілеуі туралы ақпарат берді.

Ойындардың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4-22 қаңтар аралығында Қытайға Олимпиадаға қатысу үшін 2586 адам келген (171 спортшы және тағы 2415 адам). Олардың барлығы елге келгеннен кейін ПТР тестінен өтіп, 39 оң нәтиже анықталды.

Карантиндік аймақта Олимпиада қонақтарының арасында 336451 ПТР-сынама алынып, 33адамда оң нәтиже анықталды.

Осылайша, 2022 жылғы Олимпиада ойындарының басталуына екі апта қалғанда Қытайға келгендердің арасында ПТР тапсырған 72 оң нәтиже анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз