Қазақстанда «сән-салтанат салығы» енгізіле ме?

Жарияланды
Кәсіпкерлерді тексеру ақпанға дейін тоқтатылды

Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру шаралары аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін бақылау шаралары тоқтатылды. Мемлекеттік кіріс органдары бастаған және бастама жасаған салықтық және кедендік тексерулерді, оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді 2022 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде тоқтата тұру және кейінге қалдыру көзделген. 

Қаржы министрлігі Салық заңнамасы бөлігінде бизнесті және жалпы қоғамды қолдау үшін бірқатар шаралар қабылдауда. Төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет желісінің жұмысындағы техникалық іркілістерге байланысты ҚР Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2-ші тармақшасына сәйкес мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңде техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды. 

Қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2022 жылғы 19 қаңтардан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде ЭШФ АЖ кейіннен енгізе отырып, шот-фактураны қағаз тасымалдағышта жазып беруге құқылы. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятовтың айтуынша, айыппұл санкциялары бұдан әрі де қолданылмайды. 

«Көрсетілген мерзімге дейін мемлекеттік кіріс органдары жаңа тексерулер жүргізбейді. Бұған кәсіпкерлердің өздерінің және құқық қорғау органдарының өз қызметіне қатысты өтініштері бойынша бастамашылық жасалатын тексерулер қосылмайды» деді спикер. 

Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 ақпанға дейін камералдық бақылау жүргізу, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалар және салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар қалыптастыру тоқтатылды.

Егер салық берешегі 18 мың теңгеден төмен болса, банктер ЖК мен заңды тұлғалардың шоттарын жаба алмайды. Егер салық борыштары толық төленген болса, банктер ЖК мен заңды тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын дербес жандандыруға құқылы. Яғни, енді шотқа тыйым салуды күтудің қажеті жоқ. 

«Банк төленген соманы және шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген соманы негізге ала отырып, салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын жандандырады. Бұдан басқа, банктік шоттарды жабу жөніндегі шаралар қолданылмайтын шек көтерілді. Енді, егер салық берешегі 18 мың теңгеден аспаса, банк операциялары тоқтатылмайды. Бұл нормалар өткен жылдың ортасынан бастап күшіне енді. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «E-Salyq Виѕіпеѕѕ» мобильді қосымшасы негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін жаңа арнайы салық режимі енгізілді. Бұл қосымша жекелеген рәсімдерді жүзеге асыруды жеңілдете отырып, салық міндеттемелерін орындаудағы проблемалардың бір бөлігін шешуге мүмкіндік береді. Функционал оңайлатылған тәртіппен ЖК ретінде тіркеуден өтуге, салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, чек беруге, табысты автоматты түрде қалыптастыруға және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтар мен міндеттемелерді есептеуге мүмкіндік береді» деді Миятов. 

Қосымшаны «Play Market», «App Store» немесе «App Gallery»-ден жүктеуге болады. Бүгінде оны 7 мыңнан астам ЖК пайдаланады. Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша құн салығын төлеушілерді жоюдың жеңілдетілген тәртібі әрекет етеді. Егер бұрын өз өтініші бойынша қызметті тоқтату үшін олар салықтық тексеру процедурасынан өткен болса, бүгінде жою процедурасы тек камералық тексеруге дейін азаяды.  

«Бизнес субъектілерін қолдау мақсатында шағын көлемді фургондардың көлік салығына қатысты түзету қабылданды. Мұндай санат бойынша көлік құралдарына салынатын салық жүк көтерімділігіне қарай (бұрын қозғалтқыштың көлеміне қарай есептелген) жүк автомобильдері үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептелетін болады. Сонымен қатар, норма ретроспективті түрде енгізілді (01.01.2021 ж.бастап), ол кәсіпкерлік қызметте шағын жүк көлік құралдарын пайдаланатын ШОБ субъектілерінің қаржылық шығындарын азайтады» деп түсіндірді МКК өкілі.

Қоймаларға салық салынады. Өткен жылдың соңында бұл жаңалық қазақстандықтарды таң қалдырды. 

«Салықтық реттеу мәселесін дұрыс түсіну қажет. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін меншік құқығында тіркелген қоймалары бар жеке тұлғалар жыл сайын өз бетінше есептеуге, Мемлекеттік кіріс органына баруға және жеке салық декларациясын тапсыруға міндетті болған. Қоймалар бойынша Салық кодексіне түзетулер енгізу халық үшін бұл қолайсыздықты жояды. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ салық салу мақсаттары үшін осындай қоймалар бойынша бағалау құны жөніндегі мәліметтерді беретін болады, ал мүлік салығын есептеуді МКК осы құн негізінде жүргізеді және пәтерлердің мүлік салығымен бірге хабарлама жіберетін болады. Яғни, бір хабарламаға салықтың барлық сомасы енгізіледі» деді спикер.

Елімізде бірнеше жыл бойы төлем қабілеті төмен халыққа салық салуды азайту мақсатында енгізілетін сараланған салық деп аталатын «сән-салтанат салығын» енгізу ұсынылады. Соңғы кездері болған оқиғаларға байланысты заңнаманың осы нормасын енгізудің уақыты келді ме? 

«Түсіндіріп өтейін, бізде кезең-кезеңмен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді, яғни салық салу біртіндеп заңды тұлғаларға салық салудан жеке тұлғалардың табыстарына ауысатын болады, яғни түпкі бенефициарлар – нәтижесінде табыс алатын, мүліктік игіліктер мен артықшылықтарға ие болатын компаниялардың иелеріне. Тиісінше, жалпыға бірдей декларациялау енгізілгеннен кейін декларациялау күнінен кейін алынатын барлық мүлік пен кірістерге салық салынатын болады. Яғни, салық мөлшерлемесі. Бұл біреуге сән-салтанат болса, біреуге ақылға қонымды көлем. Оны осыдан кейін түсінетін боламыз. Декларацияда көрсетілмейінше, сәнді тауарлар тізімі жасалған жоқ. Бұл мәселеге мүлік туралы барлық ақпаратты алып, мұқият қарауымыз керек. Жалпыға бірдей декларациялауды 2025 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін салық базасын талдауға және салық салу тәсілдеріне кірісеміз» деп жауап берді ведомство өкілі.  
 

Сондай-ақ оқыңыз