Банктегі депозитіміз қалай қорғалады?

Жарияланды
147 мыңнан астам салымшыға 113,1 млрд теңге кепілді өтем төленді

Көпшілігіміздің екінші деңгейлі банктердің бірінде депозитіміз бар. Сондықтан оны кім қорғайтыны, қалай қорғайтыны қызық әрі маңызды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) барлық салымдарды тікелей өзі қадағалап, қорғайды. Банк жұмысын тоқтатқан күннің өзінде клиент қаржысының шашау шықпай қайтуына осы қор жауапты. 

ҚДКҚ банк лицензиясынан айырылған жағдайда депозиттердің сақталуына және салымшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жауап береді.

Депозиттердің қандай түрлері қорғалған?

ҚДКҚ кепілдігі жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер депозиттерінің барлық түрлеріне қолданылады: 
•    Талап етілгенге дейінгі салымдар; 
•    Шартты, мерзімді және жинақ салымдары (депозиттер); 
•    Ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақша.

Депозиттер банктік салым және (немесе) банктік шот шартын жасасқан сәттен бастап ҚДКҚ қорғауында болады. Шартқа қол қою алдында депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк салымшыны кепілді өтемді төлеу мерзімдері мен тәртібі туралы хабардар етеді. Осылайша, азаматтардың жинақтары банктегі жағдайға, бөлімшелердің жұмысына немесе сыртқы жағдайларға қарамастан кепілдік беру сомасы шегінде толық қорғалған.

ҚДКҚ резервінде қанша қаражат бар?

Кепілді өтемді төлеу ҚДКҚ-ның арнайы резервінен жүргізіледі, оның негізгі көзі – депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндетті жарналары. 

Бүгінгі таңда ҚДКҚ резервінде Қазақстанда жұмыс істейтін барлық  банктің жарналарының арқасында 847 млрд теңге (ҚДКҚ жарғылық капиталының 70%-ын ескере отырып) жинақталған. Арнайы резервтің көлемі заңнамамен белгіленген шектен 5% жоғары және салымшылардың шоттарының 99,8%-ын толық көлемде жаба алады.

«Егер шетелдік депозиттерді сақтандыру қорларындағы арнайы резервтің көлемін салыстыратын болсақ, онда ҚДКҚ арнайы резервінің деңгейі жоғары болып саналады және әлемдік озық практикаға сәйкес келеді» дейді ҚДКҚ төрағасы Әділ Өтембаев.

Кепілдік өтемнің ең жоғары сомасы қандай?

Кепілді өтемақының шекті сомасы кепілдік берілген депозиттің түрі мен валютасына байланысты екенін ұмытпаңыз:

+•    Ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттер) бойынша – 20 млн теңгеден аспайды;
•    Жинақ депозиттерінен басқа ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша – 10 млн теңгеден аспайды;
•    Шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңгеден аспайды.
•    Депозитордың бір қатысушы банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі бірнеше депозиті болған жағдайда, депозиттің әрбір түрі бойынша шектерді ескере отырып, жиынтық кепілді өтем 20 млн теңгеден аспайды.

Жинақтың сақталуын қалай қамтамасыз етіледі?

Халықтың ұзақ мерзімді жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап теңгедегі жинақ салымдары бойынша кепілді өтемнің ең жоғарғы сомасы 15 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін арттырылды.

Бұл ретте салымшының бір банкте түрі және валютасы әртүрлі бірнеше депозиті болған жағдайда, жиынтық кепілді өтем де 20 млн теңгеге дейін өсті.

Бұдан басқа, 2022 жылы 11 қаңтарда халықтың тұрақты жинақтарының кірістілігін арттыру мақсатында, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты қолдау шеңберінде ҚДКҚ жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жинақ депозиттері бойынша сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемелерін: 3, 6 айға – 2-тармақшаға және 12 айға – 1-тармақшаға арттыру туралы шешім қабылдады.

«Қаңтарда осындай салымдар ашқан салымшылар банк шартының бүкіл қолданылу кезеңіне жоғары кірістілікті белгілей алады» деді ҚДКҚ төрағасы Әділ Өтембаев.

Бұл шаралар салымшылардың жинақ депозиттеріне деген қызығушылығын сақтауға ықпал етеді, сондай-ақ азаматтарға олар үшін неғұрлым қолайлы шарттармен бір банкте көбірек қаражат ұстауға мүмкіндік береді.

Төлемнің басталуын күту мерзімі

Қор салымшылардың банктердегі өз ақшаларын алуды ұзақ күту жөніндегі проблемасын түсіне отырып, Ұлттық Банкпен бірлесе отырып  кепілдік төлеу тәртібін жақсарту жөнінде шаралар қабылдады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілді өтемді төлеудің басталу мерзімі қысқартылды. Енді төлемдер банк барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған сәттен бастап 35 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Соңғы сақтандыру жағдайлары бойынша төлемдердің басталуы рекордтық қысқа мерзімде қамтамасыз етілді. Осылайша, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ бойынша салымшылар лицензиясынан айырылған күннен бастап 8 және 6 жұмыс күнінен кейін төлемге өтініш бере алды.

Кепілді өтемді қалай және қашан алуға болады?

Өз қызметін цифрландыру шеңберінде 2021 жылғы қыркүйекте ҚДКҚ төлемдердің электрондық порталы арқылы электрондық нысанда кепілді  өтемді төлеуге өтініштер беру үшін ақпараттық жүйені іске қосты.

Бұл ретте банктік қызмет көрсетудің дәстүрлі тәсілін қалайтын салымшылар үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалар үшін (сенімхат бойынша өкілдер, мұрагерлер және өзге құқық иеленушілер) агент банктің бөлімшелері арқылы кепілдік берілген өтемді алу мүмкіндігі сақталады.

Өтініштерді қабылдау төлем басталған күннен бастап 1 жыл ішінде, ал таратылған немесе лицензиядан айырылған банктердің салымшыларынан 2022 жылғы 1 мамырға дейін (Capital Bank Kazakhstan салымшылары үшін 2022 жылғы 3 шілдеге дейін) жүзеге асырылады.

Қандай жағдайларда депозит бойынша кепілді өтем БЖЗҚ-ға аударылады?    

Егер өтем төлеу мерзімі өткенге дейін салымшы өтем сомасын талап етпесе, ол автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін БЖЗҚ-ға оның жеке зейнетақы шотына аударылады.

Ал егер салымшы өтініш беруге үлгермесе не істеу керек?

Кепілді өтемді алу үшін дәлелді себептермен өтініш бере алмаған салымшылар үшін оны ҚДКҚ-ға растайтын құжаттары бар жазбаша өтініш беру арқылы алу құқығы сақталады. Дәлелді себептердің тізбесі депозиттерге кепілдік беру туралы заңда айқындалған.

ҚДКҚ таратылатын банк салымшыларына қанша төледі?

Қазіргі уақытта қор таратылатын 9 банктің депозиторларына кепілді өтемді төлеу бойынша жұмысты жалғастыруда. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 147 мыңнан астам салымшыға 113,1 млрд теңге сомасында кепілді өтем төленді.

Бұл ретте барлық таратылатын банктер бойынша кепілді өтем сомасының негізгі көлемі, әсіресе ірі сомалар сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап бірінші айда төленді.

Банктің сенімділігіне байланысты ықтимал тәуекелдердің бір бөлігін депозиттерге кепілдік беру жүйесі өзіне алатынына қарамастан, салымшы өз жинақтарын сақтау үшін депозитті және банкті таңдауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.

«Жоғары мөлшерлемені ғана бағдарға алудың қажеті жоқ, бірінші кезекте салымшы депозит ашу мақсатын анықтап алғаны жөн» деген кеңес береді Әділ Өтембаев.

Салымшы үшін депозиттің қай түрі тиімді болатыны жинақтау мақсатына байланысты: 
•    Мобильді мерзімcіз депозит; 
•    Мерзімінен бұрын алға кезде кірістілігі төмендеу шарттары бар мерзімді депозит; 
•    Жоғары табысты, бірақ мерзімінен бұрын алу бойынша қатаң шарттары бар – жинақ салымы. 

Сонымен қатар, салымшы салымды ашатын банкке де назар аударуы қажет: қаржылық көрсеткіштерді зерделеп, оның кредиттік рейтингтерімен танысып, банктің беделін бағалауы керек.  

Сондай-ақ оқыңыз