БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық кірісі 1,4 трлн теңгеге жетті
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге көлемінде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін сома 156,6 млрд теңгеге немесе 1%-ға өсті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін таза инвестициялық кіріс 1,4 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 138,2 млрд теңгеге немесе 11%-ға артық.
«Қазақстан Ұлттық Банкі басқаратын БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2021 жылдың басынан бері инфляция 8,4% болғанда 11,13%-ды құрады. 2021 жылдың 12 айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе көп қаражат аударды», – делінген хабарламада.
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларға 2,9 трлн теңге төледі, оның басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге арналған төлемдер – 2,6 трлн теңге. Жас бойынша төлемдер – 101,4 млрд теңге.