2021 жылы БЖЗҚ өз салымшыларына 40 миллионнан астам қызмет көрсетті

Жарияланды
Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,2% көп

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылы (01.01.2021- 01.01.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 40,5 миллион қызмет көрсетті. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,2% көп. Бұл туралы БЗЖҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

БЖЗҚ қызметтерінің 90%-дан астамын пандемия кезеңінде ыңғайлы, жедел және қауіпсіз олып табылатын онлайн тәртібінде көрсетуде. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметтерін ала алады. Онлайн қызметтердің 29,7 миллионнан астамы немесе жалпы көлемнің 73,4% БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілген. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер бір жарым есеге өсті (өткен жылдың 12 айында Қор салымшылары виртуалды кеңістікте 17,9 млн қызмет алған болатын).

БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

Сондай-ақ оқыңыз