Қ.Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

Жарияланды
Партияның кезектен тыс XXI съезі өтті

Бүгін Nur Otan партиясының съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды. 

«Nur Otan партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін» деді мемлекет басшысы. 

Президент «қаңтар оқиғасын» айта келіп, тергеу тек заң аясында жүзеге асырылады деді. 

«Біз шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс бердік. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік. Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық.Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас Прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз» деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз