Талибан Женевада келіссөздер жүргізуде

Жарияланды

Талибан делегациясы Швейцарияға   НПО Geneva Call ұйымының шақыруымен келді

Ауғанстандық «Талибан» қозғалысының делегациясы Еуропа елінің үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерімен келіссөздер жүргізу үшін Швейцарияда жүр. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Швейцария Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Ауғанстан делегациясы 6 ақпаннан бері Женевада.

Сапар бағдарламасында тәліптердің халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесуі де бар.

Талибан делегациясы елде швейцариялық Geneva Call ұйымының шақыруымен жүр.

Келіссөздер 11 ақпанға дейін жалғасады деп күтілуде.

Тараптар уақытша Талибан үкіметінің заңдылығы мен тану мәселелерін талқылайды.

Ал, Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай ушығып барады.

Талибанға гуманитарлық көмек көрсету мәселесі Женевада Халықаралық Қызыл Крест комитетінің және басқа да гуманитарлық ұйымдардың өкілдерімен талқыланады.

Талибан делегациясы Женева сапарының алдында Норвегияның астанасы Ослода болып, АҚШ пен ЕО-ға мүше елдердің өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ оқыңыз