Ақылы автожолдардан 8 млрд. теңгеден астам қаражат түсті

Жарияланды

Түскен қаржы ақылы жолдарды күтіп ұстауға бағытталады

2021 жылы еліміздегі ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд. теңге түсті.

Сонымен қатар, елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд. теңгені түсті.

Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыз