Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 354 миллиардтан астам теңгені қайтарды

Жарияланды

Қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5 трлн теңге қаржы аударды

Фото: shutterstock

2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 781 736 өтінішін орындады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,2 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,7%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,5%), Маңғыстау облысының (12,0%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат жарияланған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Айта кетерлік жәйт, 2022 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсартуға жалпы сомасы 76,2 млрд теңгеге 50 060 өтінішті орындады. Алынған қаржының орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңге. Салыстыру үшін, желтоқсан айында бұл көрсеткіштер мынадай болды: орындалған өтініштердің саны – 208 431, жалпы сомасы 413,1 млрд теңге. 2021 жылғы желтоқсанда алынған қаржының орташа сомасы шамамен 2,0 млн теңге.

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,0%) бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,6%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (1,3%), «Altyn Bank» АҚ (0,05%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,03%) арқылы берілді.

2022 жылдың басынан бастап емделу мақсатында жалпы сомасы 18,2 млрд теңгеге 21 276 өтініш орындалды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында алынған қаржының орташа сомасы – 0,9 млн теңге болды. Желтоқсан айында бұл деректер мынадай еді: орындалған өтініштердің саны – 64 394, жалпы сома 58,6 млрд теңге. 2021 жылғы желтоқсанда алынған қаржының орташа сомасы 0,9 млн теңге.

Сондай-ақ оқыңыз