Ол үшін бірқатар шарттар орындалуы қажет
Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек осы күзде өтуі мүмкін. Бұл туралы boxing.com хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, Канело мен оның промоутері Эдди Хирн DAZN стримингтік платформасымен келісімге келуге жақын. Мексикалық боксшы 2022 жылы жалпы құны 85 миллион доллардан асатын екі жекпе-жек өткізуі қажет.
Егер Альварес жартылай ауыр салмаққа өтіп, WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жұдырықтасса, Канело мен GGG арасындағы үшінші кездесу болуы мүмкін. Бұл ретте мексикалық пен қазақстандық боксшы арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді.
Головкинге, керісінше, Альвареспен жекпе-жекке шығу үшін осы көктемде Риота Муратаны жеңу қажет.