QAZAQ AIR Түркістан қаласына тұрақты рейстерді арттырды

Жарияланды

Билеттер белгіленген бағамен сатылуда

2022 жылдың ақпан айынан бастап QAZAQ AIR Түркістан қаласына тұрақты рейстерді арттырдыТүркістанға рейстерді арттырады. Ақтөбе, Талдықорған, Қостанай, Павлодар, Өскемен және Орал қалаларынан Түркістанға тікелей рейстер орындалады.

Билеттер белгіленген бағамен сатылуда. Қол жүгінің рұқсаты – 5 кг, багаждың рұқсаты – 20 кг. Ұшу күнін өзгертуге және билеттерді қайтаруға шегерімсіз рұқсат етіледі.

• Орал – Түркістан (сейсенбі және сенбі). Құны 25 000 теңге

• Ақтөбе – Түркістан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі). Құны 20 000 теңге

• Қостанай – Түркістан (сәрсенбі, жұма және жексенбі). Құны 20 000 теңге

• Павлодар – Түркістан (сәрсенбі, жұма және жексенбі). Құны 25 000 теңге

• Өскемен – Түркістан (сейсенбі, сәрсенбі және сенбі). Құны 25 000 теңге

• Талдықорған – Түркістан (сейсенбі, бейсенбі және сенбі). Құны 16 000 теңге

QAZAQ AIR 2021 жылы 570 000-нан астам жолаушы тасымалдады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (432 000 жолаушы) 32%-ға өсті. Қазақстанның 25 бағытына және Ресеймен шекаралас қалаларға 9254 рейс орындалды.

QAZAQ AIR әуе флоты Қазақстанның әуе компанияларының ішіндегі ең жасы болып табылады және канадалық өндірістің De Havilland Dash-8-Q400NG (бұрынғы атауы Bombardier Q400) заманауи жайлы турбовинттік лайнерлерінен тұрады.

Сондай-ақ оқыңыз