АҚШ-та ер адам 11 кісіні пышақтап тастады

Жарияланды

Зардап шеккендердің барлығының жағдайы қалыпты

Американың Альбукерке қаласында (АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Нью-Мексико штаты) белгісіз біреу пышақпен 11 адамды жаралады, деп хабарлады  жергілікті полицияның баспасөз қызметі Twitter-де. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

«Полицейлер пышақпен жасалған шабуыл бойынша қылмыс орнын тексеріп жатыр <…> Зардап шеккендердің барлығының жағдайы қалыпты. Жалғыз әрекет еткен күдікті қамауда», – деп жазады басылым.

Жергілікті KRQE News 13 телеарнасы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, шабуылдар қаланың бірнеше аймағында болғанын хабарлады.

 Анықталғандай, күдікті BMX велосипедімен қозғалған, оның қолында үлкен пышақ болған. Шабуылдаушы ешбір оқиғасыз ұсталды. Полицияның мәліметінше, күдікті кездейсоқ шабуыл жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз