Бас санитарлық дәрігер ауысты
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында туған. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін, Қазақстан медицина университетін (Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі), Алматы менеджмент университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №7 емханада фельдшер-зертханашы болып бастаған. Әр жлдары дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2014-2017 жылдары ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы болса, 2017 жылы ҚР ДСМ Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры болды.
2020 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.