«Қазақстан қор биржасы» АҚ 2022 жылдың қаңтарын қорытындылады. KASE-дегі сауда-саттық жиынтық көлемі бір айда 19,7 трлн теңгені құрап, 2021 жылдың желтоқсанына қарағанда 26,2%-ға немесе 7,0 трлн теңгеге төмендеген. Бұл туралы KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv Media тілшісі.
Қаңтарда KASE индексінің мәні 3,4%-ға төмендеп, 3 549,26 тармақты құрады. Сондай-ақ қаңтарда акциялар нарығын капиталдандыру 7,2%-ға төмендеп, 6 26,7 трлн теңгеге жетті. Сатылатын корпоративтік борыш көлемі 0,2%-ға төмендеп, 6 15,4 трлн теңге болды.
Бір айда листинг процедурасынан бір жаңа эмитент өткен.
Қазіргі кезде KASE сауда-саттық тізімінде 229 эмитенттің 559 бағалы қағазы бар. Ал 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша орталық депозитарийде 202 210 жеке тұлғаға ашылған 221 799 жеке шот тіркелген.
Қаңтарда жеке тұлғалардың 4 615 жаңа дербес шоты анылған.
Акциялар нарығын капиталдандыру төмендеді
Наталья Хорошевскаяның айтуынша, қаңтарда акциялар нарығын капиталдандыру 26,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда 2,1 трлн теңгеге немесе 7,2%-ға төмен.
Көрсеткіштің төмендеуіне үш компания акциялары бағасының өзгеруі әсер етті. Олар: Kaspi.kz, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ.
«Қаңтардың соңында KASE сауда тізімінде 150 эмитенттің 164 акциясы болды, оның ішінде үш эмитенттің үш атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналымға жіберілді. Ай ішінде KASE ресми тізіміне жаңа акциялар енгізілмеген және шығарылмаған».
Наталья Хорошевская
Қаңтарда акциялардың сауда-саттық көлемі желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 95,4%-ға немесе 206,3 млрд теңгеден 10,0 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Маманның айтуынша, бір күндегі орташа сауда-саттық көлемі 586,6 млн теңгені құрады, бір күнде жасалған мәміленің орташа есебі – 2 337, бір мәміленің орташа мөлшері 251,0 мың теңгені құраған.
Ескертін жайт, қаңтарда акциялар сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті.
Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке тұлғаларға акция бойынша жасалған мәмілелердің 34,3%-ы тиесілі болды. Екінші деңгейлі банктердің үлесі 0,3%-ды, брокер-дилерлердің үлесі 13,5%-ды құрады. Басқа институционалдық инвесторларға 26,4% тиесілі, өзге заңды тұлғаларға 25,5%, 0,2%-ке резидент еместерге тиесілі.
KASE индексі 3,4%-ін жоғалтты
KASE басқарма төрағасының орынбасарының сөзінше, жыл басындағы шиеленіс мемлекеттік компаниялар акцияларының арзандауына ықпал еткен
Осылайша 5 қаңтарда барлық мемлекеттік компания акцияларының бағасы төмендеген. Әсіресе, Лондон қор биржасында сатылатын бағалы қағаздар қиындыққа ұшырады, олардың арасында Kaspi.kz, «Қазақстанның Халық жинақ банкі» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бар.
«Одан кейінгі екі апта ішінде акциялар құнының динамикасы көптеген корпоративтік жаңалықтардың әсерінен әр түрлі бағытта дамыды. 26 қаңтардан бастап индекстік компаниялар жылдық жедел есептерді шығара бастады және акциялар біртіндеп өсуге көшті. Ай қорытындысы бойынша индекстегі компаниялар үш топқа бөлінді. Қаңтардағы оқиғалар ең аз әсер еткен компания акциялары айды жасыл аймақта аяқтады».
Наталья Хорошевская
Елдегі шиеленістер аз әсер еткен компаниялар арасында Kcell акцияларының бағасы 7%-ға, «ҚазТрансОйл» АҚ 3,2%-ға, «Банк ЦентрКредит» АҚ 1,3%-ға өсті. «KEGOC» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ акцияланың бағасы 1 пайызға арзандады. Ай қорытындысы бойынша айтарлықтай өзгеріс «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ акциялары бойынша тіркелді.
Қаңтардың қорытындысы бойынша KASE индексі 3,4% жоғалтты және айды 3 549,26 пункт деңгейінде жапты.
Шетел валютасы нарығындағы сауда 1,2 трлн теңгеге жетті
2022 жылдың қаңтарында KASE шетел валюталары нарығындағы сауда-саттыққа KASE-нің 30 мүшесі қатысты.
Шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық көлемі қаңтарда 1,2 трлн теңгеге жетті, бұл өткен айдың ұқсас көрсеткішінен 37,6%-ға немесе 742,4 млрд теңгеге төмен. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 72,5 млрд теңгені құрады, мәмілелердің бір күндегі орташа саны – 373, орташа көлем – 194,3 млн теңге.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістер
Наталья Хорошевскаяның хабарлауынша, KASE-де саудаланатын номинал бойынша мемлекеттік қарыз сомасы жыл басынан бері 3,1%-ға немесе 553,1 млрд теңгеге төмендеп, 17,3 трлн теңгені құрады.
KASE-дегі мемлекеттік бағалы қағаздардың жиынтық сауда-саттық көлемі 236,0 млрд теңгені құрады және 2021 жылдың желтоқсанына қарағанда 5,3%-ға немесе 13,2 млрд теңгеге төмендеді.
2022 жылдың қаңтары қорытындысы бойынша 1 күндегі орташа сауда-саттық көлемі 13,9 млрд теңгені (қайталама нарықта – 4,0 млрд теңге), мәмілелер саны – 8 (қайталама нарықта – 6), бір мәміленің орташа көлемі – 1,7 млрд теңгені (қайталама нарықта бір мәміленің орташа көлемі 0,7 млрд теңге) құрады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 53,3%-ға немесе 58,6 млрд теңгеге өсіп, 168,4 млрд теңгеге жетті.