Қырғызстанда алтын экспорты үш есеге қысқарды

Жарияланды

Бір жыл ішінде

2021 жылы Қырғызстаннан алтын экспорты үш есеге қысқарды. Мұндай мәліметтерді Қырғызстанның Ұлттық статистика комитеті мәлімдеді. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

2020 жылы елде 17,7 тонна алтын экспорттаса, өткен жылы ол небәрі 5,6 тонна болды. Экспорт 678,9 миллион долларға дейін төмендеді.

Бұл ретте экспорт құрылымында жаңа мемлекеттердің пайда болуы қызық. 2021 жылы Қырғызстан Италияға (156,8 мың долларға 27,2 келі), Қытайға (21,2 миллион долларға 370 келі), Ресейге (1 миллион долларға 33 келі) және Швейцарияға (51,4 миллион долларға 1 тонна) алтын жеткізе бастады.

Бірақ Ұлыбританияға бағалы металдың экспорты 2,5 есеге – 17,6 тоннадан 4 тоннаға дейін қысқарды.

Сондай-ақ оқыңыз