АҚШ президенті ресейліктерге үндеу жасады

Жарияланды

Байден РФ азаматтары АҚШ, НАТО немесе Украинадан қорықпауы керек деді

АҚШ президенті Джо Байден Ресей мен Украина халықтарының ортақ тарихы бар және олар «қанды» соғысты тудырмауы керек деді.

Оның айтуынша, Ресей Украинамен шекарада 150 мыңнан астам әскерін шоғырландырған.

«Шабуыл екі көрші елдің тығыз байланысына, олардың ортақ мәдениеті мен тарихына қарамастан болуы мүмкін»,-деді Джо Байден.

Байден АҚШ, НАТО және Украинаның Ресейге қауіп төндірмейтінін атап өтті.

«Біз ресейліктерді қорқытпаймыз және Ресейдегі тұрақсыздықты қаламаймыз»,-деді Джо Байден.

Бұған дейін Ресей әскерлерінің Украина шекарасынан өз гарнизондарына орала бастағаны хабарланған болатын. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығулардың аяқталғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз