Алматыда бірқатар көшелер жабылады

Жарияланды

20 ақпанда Алматыда қысқы қалалық жаппай жүгіру өтеді

20 ақпанда Алматыда қысқы қалалық жаппай жүгіру өтеді. Осыған байланысты кейбір жолдарда қозғалыс тоқтатылады. Бұл туралы almatyapat Telegram каналы хабарлады.

«Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін бос болады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы EsentaiMall-дан Гагарин даңғылына дейін сағат 8:30-дан 10:45-ке дейін көлік қозғалысы жабылады.Оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін еркін болады», – деп хабарлайды қысқы жарысты ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз