Алматыда 149 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді

Жарияланды (жаңартылды )

ҰҚК синтетикалық есірткі зертханасын жойды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда психотроптық заттарды дайындайтын есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Көрсетілген құқыққа қайшы әрекетке қатыстылығы үшін оңтүстік астананың тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен 9 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Басқа зерттеу барысында Алматы қаласында еліміздің батыс өңірлеріне жеткізу үшін арналған 500-ден астам «экстази» таблеткасы жасырылған жөнелтілім анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2022 жылғы 7 ақпанда ҚР азаматы ұсталды, оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 200 г «а-PVP» психотроптық заты алынды.

Сондай-ақ оқыңыз