Жаңалықтар

Жапония үкіметі Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы шешімін айыптады

Жапония Ресейдің әрекеттері халықаралық құқық нормаларын бұзатыны атап өтті

Жапония үкіметі Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы шешімін айыптады. Бұл туралы Жапонияның Сыртқы істер министрі Есимаса Хаяси мәлімдеді. Бұл туралы t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram каналы хабарлады.

«Біз Ресейдің Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзатын бұл қадамын мойындамаймыз, айыптаймыз», – деді ол.

Ведомство басшысы Ресейдің әрекеттері халықаралық құқық нормаларын бұзатыны атап өтті. Оның айтуынша, қазір Жапония халықаралық қоғамдастықпен бірлесе Ресейдің әрекеттеріне қатысты қандай шара қабылданатыны қарастырып жатыр.