Көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына утильалым мөлшері 50% төмендейді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар24» арнасына берген сұхбатында айтты.
«Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі автокөлік пен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түріне мөлшерлемені 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді» деді ол.
Оның айтуынша, билік утильалымының мөлшерлемесін төмендету болмаса көтеру керек пе, соны «бақылап отырады».
2022 жылғы 1 қаңтардан бері 1000 текше сантиметрге дейінгі қозғалтқышы бар автомобильдер үшін утильалым 150 АЕК-тен (459 450 теңге) басталып, қозғалтқышы 3001 текше сантиметрден асатын машиналар үшін 1150 АЕК-ке дейін (3 522 450 теңге) дейін жеткен еді.