ATP-250 теннис турнирі Санкт-Петербургтен Нұр-Сұлтанға ауыстырылды

Жарияланды (жаңартылды )

Жарысты Қазақстанның астанасы 2022 жылдың қыркүйегінде қабылдайды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) 2022 жылдың екінші жартысына арналған күнтізбесін жариялады.

Бұдан шығатыны, Санкт-Петербургте (Ресей) өтуі тиіс АТР-250 санаты бойынша турнир Қазақстанның астанасына ауысты.

Бұл шешімнің себептері көрсетілмеген. Нұр-Сұлтандағы ATP-250 турнирі 19-25 қыркүйек аралығында Мецтегі турнирмен және Лэйвер кубогымен қатар өтеді. Хорват теннисшісі Марин Чилич Санкт-Петербургте өткен жарыстың қазіргі чемпионы атанды.

Байқаудың жүлде қоры $250 000 құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз