Ресей президенті Путин Украинада әскери операция басталғанын мәлімдеді

Жарияланды (жаңартылды )
Оның айтуынша, Ресейдің басты мақсаты – Украинаны демилитаризациялау

21 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы жікшіл Донецк пен Луганск республикаларын «тәуелсіз ел» деп мойындаған еді. Ал бүгін Путин ресейлік телеарна эфирінде орыс әскері Донбасста әскери операция бастағанын мәлімдеді.

Украина билігі бүкіл елде әскери жағдай енгізіп жатыр. Бұл туралы Украина президенті Зеленский мәлімдеген. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Украина президенті Ресейдің Украинадағы инфрақұрылым нысандарына соққы берілгенін айтқан.

Ал АҚШ президенті Джо Байден Путиннің мәлімдемесінен кейін «Ресей Украинаға, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы негізсіз агрессия танытып отыр» деп айыптады. Қазіргі кезде батыс елдері Ресейге қарсы санкция жариялап жатыр.

Ресей президентінің 21 ақпан күнгі жарлығында Украинаныі шығысындағы жікшік елдермен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім жобасын дайындау туралы айтылады. Сондай-ақ, құжатта «Ресей Федерациясының қарулы күштерінің Донецк халық республикасы мен Луганск Халық Республикасының аумағында бейбітшілікті сақтау функцияларын жүзеге асыруы туралы» айтылған болатын.

Канада, Ұлыбритания, Франция және басқа елдер Ресейді Украинаның мемлекеттік тұтастығын бұзды деп айыптаған.

Сондай-ақ оқыңыз