БЖЗҚ өз қызметтерінің 94 пайыздан астамын электрондық форматта көрсетуде

Жарияланды (жаңартылды )

2022 жылдың бірінші айында өз салымшыларына 3,2 миллион қызмет көрсетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың бірінші айында өз салымшыларына 3,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

БЖЗҚ қызметтерінің 94% астамын індет кезеңінде ыңғайлы, жедел және қауіпсіз болып табылатын онлайн тәртібінде көрсетуде. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметтерін ала алады. Онлайн қызметтердің 2,1 миллионнан астамы немесе жалпы көлемнің 66,5% БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілген.

БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алады. Атап айтқанда, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқа қызмет түрлері.

Сонымен қатар, Қорда қызмет көрсетудің өтінімсіз түрі де дамыған. Мысал ретінде айтсақ, оған міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз