Беларусь халқының 65 пайыздан астамы Конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс берді

Жарияланды

Азаматтардың 10,07 пайызы қарсы дауыс берді

Беларусьте Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумның алдын ала қорытындысы шығарылды. ОСК мәліметінше, Негізгі заңға енгізілген түзетулерді 65,16% қолдаса, 10,07% қарсы болды, деп хабарлайды Беларусь ОСК Telegram-каналында.

Комиссияның мәліметінше, 4,4 миллион адам немесе жалпы қатысушылардың 65,16 пайызы Негізгі заңға енгізілген өзгерістерді қолдаған. 686 мыңы немесе 10,07 пайызы қарсы болды.

Жалпы референдумға 5,3 миллион адам қатысты.

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Беларусь билігі республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын бүкілхалықтық талқылауға ұсынған болатын.

Ұлттық құқықтық порталда жарияланған құжатта, атап айтқанда, президенттің өкілеттіктерін қысқартып, оның өкілеттігін екі мерзіммен шектейтін түзетулер ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыз