«Ливерпуль» Англия лигасының кубогын жеңіп алды

Жарияланды (жаңартылды )

Турнирдің финалында «скаузерлер» Челсиді жеңді

«Ливерпуль» ФК өз тарихында тоғызыншы рет Ағылшын лигасының кубогын жеңіп алып, бұл көрсеткіш бойынша рекорд орнатты.

Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен матчтың негізгі және қосымша уақытында ешбір гол соғылмады.

Жеңімпаз 11 метрлік соққылар сериясында анықталды, оны Ливерпуль ойыншылары сәтті орындады – 11:10.

Сондай-ақ оқыңыз