Ұлттық банк 98,1 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жасады

Жарияланды (жаңартылды )
Сауда-саттық Франкфурт аукционы бойынша өткен

28 ақпанда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы формасында өткені белгілі. Осы сауда саттық барысында Ұлттық банк 98,1 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жасады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Франкфурт аукционы тетігі аукционның түпкілікті бағасын айқындауға мүмкіндік береді, ол бойынша мәмілелердің барынша жоғары ықтимал көлемі жасалады және негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталады.

«Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 495,00 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 159,5 млн АҚШ долларын құрады. ҚРҰБ валюталық интервенциялары 98,1 млн АҚШ доллары, ҚРҰБ қатысу үлесі 61,5% болды» делінген ҰБ хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз