«Нұр Отан» партиясы енді «Аманат» аталатын болды

Жарияланды
Мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдады

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде мәжіліс спикері Ерлан Қошанов саяси ұйым атын «Аманат» деп атау туралы ұсыныс жасады.

«Бабалар аманатына адал болуымыз керек. Сондықтан партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынамыз» деді Е.Қошанов.

Бұл ұсынысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.

«Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек» деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз