Алматы облысында баланы тегін үйірмемен қамтуға ақша жоқ-  әкімдік

Жарияланды (жаңартылды )

 Тегін үйірмелерге 58 мыңға жуық бала қатысады

Алматы облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған тегін үйірмелер жабылғалы жатыр. Себебі, облыстық әкімдік баланы тегін үйірмемен қамтуға ақша жоқ екендігін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

 Тегін үйірмені 1954 кәсіпкер ашқан. Бұл үйірмелерге 58 мыңға жуық бала барып жүрген.

Талдықорғанға Алматы облысының үйірме ашқан жеке кәсіпкерлер жиналды. Олар кәсібін былтыр мамыр айында аша бастаған.

Кәсіпкерлер Алматы облысының әкімдігі Президенттің тапсырмасын орындамайды деп наразы.

Жиналғандарды әкімдік өкілдері мәдениет үйіне шақырып, үйірмелерді қаржыландыруға «облыста қаражат жоқ» деп бірден ашып айтты.

Алматы облысының шенеуніктері расымен бағдарлама Президенттің тапсырмасымен былтыр мамыр айында басталғанын, былтыр 48 мыңнан аса бала тегін үйірмемен қамтылып, оған 1,5 млрд теңге ақша бөлініп, толық игерілгенін, ал биыл тағы 2,4 млрд теңге бөлініп, ол ақша түгесілгенін айтты.

Әкімдік мәселені шешіп, республикадан қаражат сұрау үшін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаевамен жиын өткізілетінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз