Лондон қор биржасында Kaspi акциялары 31%-ға, Халық банктің ациялары 14%-ға арзандады

Жарияланды
Қазатомөнеркәсіп акцияларын да 2,73%-ға арзандады

Ресейдің Украинаға басып кіріп, соғыс ашуы мен батыс елдерінің Ресейге салған санкциялары әлдемдік қор биржаларындағы қазақстандық компаниялардың акцияларына әсер етіп жатыр. Кеше Лондон қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша қазақстандық көгілдір фишкалы компаниялардың акциясы арзандады.

Лондон қор биржасында Kaspi акциялары қатты арзандады: ол бірден 31,18%-ға құнсызданып, сауда қорытындысы бойынша $35,1 болды. Ал KASE-де финтех бағалы қағаздары 5%-ға арзандап, 27 550 теңгеден сатылды.

Компания бұған дейін ҒДҚ-ларын қайта сатып алуы мүмкін екенін ескерткен. Компанияның акционерлерге жіберілуі мүмкін 86 млрд теңгеге жуық капиталы бар. Kaspi 2022 жыл қорытындысы бойынша таза пайдасы 20-30% өседі деп күтеді. Былтыр Kaspi-дің таза пайдасы (түзетуді ескере отырып) 66%-ға өсіп, 455,2 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, кеше елдің ең ірі банкі – Халық банктің акциялары арзандады. Оның қағаздары Лондондағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 14%-ға арзандап, $8,6 құрады. Қазақстан қор биржасында Халық банкінің акциялары 7,41 пайыз арзандап, 124,9 теңгені құрады. 15 наурызда банк 2021 жылғы есебін береді.

Кеше Қазатомөнеркәсіп акциялары да біршама арзандады. Ұлттық атом компаниясының Лондон қор биржасындағы қағаздары 2,73%-ға арзандап, $26,75 белгісінде жабылды. KASE-де компанияның акциялары 7,96%-ға, 13 410 теңгеге дейін төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз