Венгрия өз елшілігін Киевтен уақытша көшіру туралы шешім қабылдады

Жарияланды

Венгрия өзінің дипломатиялық өкілдігін Киевтен Львовқа уақытша ауыстырды

Фото:militaryarms.ru

Венгрия Украинадағы елшілігін Киевтен Львовқа уақытша көшірді. Бұл туралы республиканың сыртқы істер министрі Питер Сиярто мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Венгрия қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты дипломатиялық өкілдігін Украинаның батысына ауыстыру туралы шешім қабылдаған. «Елшілік Львовта қысқартылған штатпен жұмыс істейді… Қауіпсіздік жағдайлары рұқсат етілгенде, елшілік қызметкерлері Киевке оралады», – деді Сиярто.

СІМ басшысы сондай-ақ Венгрия департаменті ұйымдастырған кезекті эвакуация кезінде Украина астанасынан жиырма адам кеткенін қосты. Олардың арасында отбасы мүшелерімен бірге Венгрия елшілігінің 13 қызметкері, үш қауіпсіздік қызметкері, сондай-ақ үш адамнан тұратын австриялық отбасы және бір француз азаматы бар.

Бұған дейін Жапонияның сыртқы істер министрлігі Киевтегі елшіліктің уақытша жабылатынын хабарлаған болатын. Олар дипломатиялық өкілдіктің Украинаның батысына көшірілетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз