Rolex Ресейге тауар экспорттауын тоқтатты

Жарияланды (жаңартылды )

Bloomberg: Rolex Ресейге тауар экспорттауын тоқтатты

Фото:rolex.com

Сағаттар мен аксессуарлар шығаратын Rolex компаниясы Ресейге тауар экспорттауын тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости Bloomberg агентігіне сілтеме жасап.

«Швейцарияның ең үлкен сәнді сағат бренді Rolex Ресейге экспортты тоқтату үшін Swatch Group пен Richemont-ке қосылды», – делінген агенттік хабарламасында.

Bloomberg сілтеме жасаған компания өкілінің айтуынша, қазір Ресейде тек тәуелсіз жергілікті бөлшек саудагерлер сататын Rolex сағаттары Украинада арнайы операция басталғанға дейін елге жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыз