Starbucks Ресейдегі жұмысын тоқтатты

Жарияланды (жаңартылды )

Компанияның қызметкерлері мен жабдықтары Ресейден шығарылып жатыр

Фото: Анадолу сайты

Әлемге әйгілі американдық Starbucks кофе желісі Ресейдегі жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Starbucks бас директоры Кевин Джонсон компанияның Ресейдегі жұмысын тоқтатқанын растады.

Джонсон Ресейдегі барлық Starbucks кафелерінің жабылғанын, компания қызметкерлері мен жабдықтарының елден шығарылып жатқанын айтты.

«Starbucks-тың Ресейдегі лицензиялық серіктесі компанияның шешімін түсіністікпен қабылдады», – делінген АҚШ желісінің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ оқыңыз