Қытайда ақпан айында инфляция 0,9 пайызды құрады

Жарияланды (жаңартылды )

Елдің қалаларында баға 1 %-ға өсті

Қытайда инфляцияның негізгі көрсеткіші болып табылатын тұтыну бағаларының индексі ақпан айында жылдық 0,9 пайызды құрады, деп хабарлайды ТАСС.

Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, соңғы бір айда елдің қалаларында баға 1%-ға, ауылдық жерлерде 0,5%-ға қымбаттады. Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда азық-түлік бағасы 3,9 пайызға арзандады. Басқа тауарлардың бағасы 2,1%-ға, ал тұтыну тауарларының бағасы 0,7%-ға өсті. Қызмет көрсету саласындағы серпін 1,2%-ды құрады.

Ақпан айында Қытайда тұрғын үйді жалға алу бір жылмен салыстырғанда 1,4%-ға, көлік және телекоммуникациялар 5,5%-ға өсті. Медициналық қызметтердің бағасы 0,6%-ға өсті.

Негізгі азық-түлік тауарларының ішінде жемістердің бағасы өсті (6,6%). Көкөніс өнімдері 0,1%-ға арзандаса, алкогольдік өнім 2%-ға қымбаттады.

Ресми статистикаға сәйкес, 2020 және 2021 жылдары Қытайдың тұтыну бағаларының индексі сәйкесінше 2,5% және 0,9% құрады.

Сондай-ақ оқыңыз