Лондон қор биржасында (LSE) 9 наурыз күнгі сауда-саттық нәтижесінде екі қазақстандық компания – Halyk Bank және Kaspi акциялары қымбаттады.
Аптаның ортасында Kaspi ҒДҚ-сы 39,14%-ға өсіп, 48,7 долларды құрады. Дүйсенбі мен сейсенбіде финтех компания қағаздары біршама арзандаған еді.
Халық банкінің ҒДҚ-сы үшінші күн қатарынан өсім көрсетіп келеді: сәрсенбі күнгі сауда нәтижесінде бағасы 26,82%-ға өсіп, $9,60 құрады. Дүйсенбіде 3,4%-ға, сейсенбіде 3,7%-ға қымбаттады.
«Қазатомөнеркәсіптің» апта басынан қымбаттап келе жатқан акциялары сәрсенбіде 0,16%-ға арзандап, 31,45 долларды құрады.