Оңтүстік Корея жаңа президентін сайлады

Жарияланды

Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинады

Фото: Тасс

Корея Республикасы президенттігіне жетекші оппозициялық «Азаматтық күш» партиясынан үміткер Юн Сок Ёль сайлауда жеңіске жетті. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

ОСК мәліметінше, Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинаса, оның басты бәсекелесі биліктегі «Тобуро» демократиялық партиясынан Ли Чжэ Мён 47,83% дауыс жинаған. Президенттік бәсекеде үшінші орын алған Сим Сан Чжон 2,37% дауыс жинады. Сайлауға қатысу 77,1 пайызды құрап, тіркелген 44,19 миллион сайлаушының 34 миллионнан астамы дауыс берді.

Парламент Мәжілісінде партия жетекшілерінің алдында сөйлеген сөзінде сайланған президент ел азаматтарының бірлігін нығайтуды өзінің басты басымдығы деп санайтынын атап өтті. Ол қолдаушыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, мемлекет басшысы ретінде «оппозициямен жұмыс істеп, халыққа қызмет ететін Конституция мен Ұлттық жиналыстың рухын құрметтейтінін» айтты.

Ли Джэ Мён жеңілгенін мойындап, қарсыласын құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыз