Кітапты оқып шық та, Түркияға қыдыруға жолдама ал

Жарияланды (жаңартылды )

Елімізде «Тұлға болам» кітап оқу сайысы басталды

Кітап оқып қана қоймай, шетелге қыдыруға мүмкіндік тумақ. «Шұғыла» қоры мен «Дария даму орталығының» өтетін бұл сайыс 10 наурыздан басталды. Тіркелу уақыты 9 сәуірге дейін жалғасады. Бұл туралы «Шұғыла» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі Азат Тапишев Қазақстан баспасөз клубында өткен жиында мәлімдеді.

Сайыстың басты мақсаты- кітап оқитын кез-келген оқушыға мүмкіндік туғызу. Бүгінде әлеуметтік желінің кесірінен мектеп оқушылары кітап оқуды азайтқан. Ал бұл елімізді үшін үлкен қатер. Өскелең ұрпақ саналы, зиялы болып қалыптасу үшін 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі балалар жас аралықтары бойынша сайысқа түседі.

Кітап оқу сайысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтеді. Сондай-ақ «Тұлға болам» кітап оқу сайысы Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының және демеушілердің қолдауымен өтеді. Сайысқа 4 оқушылар тобы және 1 ересектер тобы қатысады. Əр топтың кітабы және жүлдесі бөлек. Сайысқа қатысушылар қазақ классиктері мен әлем классиктері кітабын оқып жарысады. Қатысушылар 3 кезенде 3 кітапты оқып бітіруге тиіс. Әр кезеңнің соңында кітап бойынша онлайн-тест өтеді. Сайыстың басты мақсаты- жастарды кітап оқуға құштарлығын ояту, оқушылар арасында кітап оқу дағдысын қалыптастыру әрі жандандыру. Сол арқылы төл құндылықтарымызды насихаттау.

3 кезеңнен тұратын сайыстың бірінші және екінші маусымына 50 және 100 мың аралығында сайыскер тіркелді. Сайыстың басты жүлделері: Стамбулға саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch жəне басқа да бағалы сыйлықтар. Өткен маусымның бас жүлдегеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 1 бөлмелі пәтер берілді.

Осы маусымның жүлделері: Стамбулға саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch, велосипедтер және ақшалай сыйлықтар. «Шұғыла» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Dacomotors» ЖШС құрылтайшысы Сырымбек Таудың айтуынша, Стамбулға 9-10-11-12 сыныптың оқушылары барады. Себебі олар Туркияның жоғарғы оқу орындарын аралап, танысып, судың жағасында демалып қайтады. Қазір 20-астам компания демеуші болуға ынталы. Балалардың зейінін ашып, білімді де оқымысты ұрпақты көбейту үшін қор басшылары барлық жағдайды жасамақ. Сайысқа қатысу тегін.
Ал, «Дария даму орталығының» директорының орынбасары Бақытжан Асқаров биылғы оқитын кітаптардың тізімін жариялады:


«Сайысқа қалай қатыса аласыз? Қатысу ТЕГІН. Алдымен tulgabolam.kz сайтында 10.03.2022-09.04.2022 аралығында тіркелессіз. Тіркеліп үлгермегендер тестке қатыса береді, тек жүлде ала алмайды. Әр кезеңде өз тобыңызға бекітілген кітаптарды оқып, сол кітап бойынша бекітілген күні тест тапсырасыз. Сайыс үш кезең және бес топтан тұрады (ересек және студент, 8-12 сынып, 5-7 сынып, 3-4 сынып, 1-2 сынып). Міндетті түрде «Тұлға боламның» ресми телеграм тобына тіркеліңіз (https://t.me/tulgabolam). Бұл шара оқырман санын көбейту үшін емес негізгі мәліметтер сонда жарияланатын болғандықтан қатысушы тыс қалып қоймау үшін жасалынып жатыр. Ескерту: қатысуда жас шектеуі жоқ, яғни сайысқа әріп танитын кез-келген жастағы адам қатыса алады»- дейді «Дария даму орталығының» директорының орынбасары Бақытжан Асқаров.

Сондай-ақ оқыңыз