«ӨКМ Операторының» бұрынғы бас директоры қамауға алынды

Жарияланды
Светлана Коротенкоға 20 млрд теңге жымқырды деген айып тағылып отыр

Утильалым жинаумен айналысатын «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратуға жоғары құн белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология Вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз